Таразда 3 базарды қайта жаңғырту жұмысы жыл соңына дейін аяқталады – Орынбеков

0 6
Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен көшпелі баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

– «Сауда орындарын жаңғыртуға» арналған жол картасы аясында «Нұралы» базарында қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқтады. Қазіргі таңда  «Жібек жолы», «Салтанат», «Якка сарай» базарлары қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.  Жол картасына сәйкес барлық жаңғырту жұмыстары 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталуы тиіс, – деді шаhар басшысы.

Алтынбек Қартабай

Айта кетейік, Тараз қаласында 15 сауда базары жұмыс істейді, оның ішінде біреуі мамандандырылған болса, 14-і – әмбебап.

Leave A Reply

Your email address will not be published.