Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

0 5

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық референдум аясында Астанадағы №228 сайлау учаскесіне келіп, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша дауыс берді, деп хабарлайды alakoz.kz 

Еліміз бойынша дауыс беру үшін 10 мыңнан астам референдум учаскесі ашылды, оның 622-сі – арнайы учаскелер. Олар перзентханаларда, әскери бөлімдерде, медициналық мекемелерде және басқа да ұйымдарда орналасқан.

Арнайы учаскелер Астана уақыты бойынша сағат 06:00-де, ал әдеттегі учаскелер 07:00-ден бастап жұмысын бастады. Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.