Жамбыл облысында екі жаңа өндіріс орыны іске қосылды
Жамбыл облысында «Alit Holding» ЖШС-ның мәрмәр ұнтағын және құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру желілері ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, кәсіпорын басшылары мен серіктестері қатысты. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің Баспасөз қызметі мәлімдеді.