5 маусым — Эколог күні
Экологтар қоршаған ортаның жай-күйін бақылап, ауа, су және топырақ сапасын зерттейді, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосады. Олардың қызметі қоршаған ортаны сақтаумен қатар, халықтың денсаулығы мен болашақ ұрпақтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған.
Экологтар күні – әрбір азаматқа табиғатты аялаудың маңызын еске салатын мереке. Қоршаған ортаны қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Таза табиғат – жарқын болашақтың кепілі.