Тараздағы түзеу мекемесінде «Қамал» оқу-жаттығу жиыны өтті

0 37

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде «Қамал» оқу-жаттығу жиыны өтті, деп хабарлайды Аlakoz.kz 

Мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері қатысқан оқу-жаттығу шынайы ұрыс жағдайында ұйымдастырылды. Басты мақсат – кез келген қауіп-қатердің алдын алу және жеке құрамның физикалық әрі жауынгерлік дайындығын пысықтау.

Оқу-жаттығу барысында мекеме бастығының қосымша нұсқаулықтарын мүлтіксіз орындаған жеке құрам қызметкерлері төтеннен төнетін қауіпті жағдайларға дайын екендіктерін анық байқатты. Шын мәнінде, нақты өмірлік жағдайларға жақын өткізілген оқу-жаттығу ҚАЖ қызметкерлерінің шеберлігін шыңдайтыны анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.