ҚАЖ қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізді

0 18

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүйелі түрде ұйымдастырылып жатқаны белгілі.

Санитарлы-тазалық жұмыстарынан ҚАЖ қызметкерлері де тыс қалған жоқ. Мәселен, бүгін Тараздағы өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері мекеме аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Бұл күні олар ауланы абаттандырып, күл-қоқыстан тазартты. Жалпы, тұмса табиғаты бар көне шаһар Тараздың саф ауасын жұтып отырған әрбір азамат өз өлкесінің өркендеуіне күш салуы қажет-ақ. Ал ҚАЖ қызметкерлерінің осынау игі ісі өңіріміздің экологиясын сақтауына зор ықпал етері анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.