Жамбыл облысына соңғы үш жылда 764,5 миллиард теңге инвестиция тартылды

0 4
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев Меркі ауданында өткен «Меркі Бизнес Форумында» мәлімдеді, деп хабарлайды Alakoz.kz

Жиынды ашқан облыс әкімі форум жұмысына сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес өңірлердің экономикалық қуатын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және инвестиция тартуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

– Соңғы үш жылда Жамбыл облысы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі бойынша еліміздегі жетекші өңірлердің қатарына қосылды. Осы кезеңде өңір экономикасына 764,5 миллиард теңге инвестиция тартылып, республика бойынша үшінші орынға көтерілдік. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 184 миллион АҚШ долларынан 289,7 миллион АҚШ долларына дейін өсті. Тартылған қаржының 96,1 пайызын жеке инвестициялар құрайды. Бұл – бизнес қауымдастық пен инвесторлардың өңірдің әлеуетіне деген сенімінің айқын көрінісі, – деді Ербол Қарашөкеев.

Облыс әкімінің айтуынша, биылғы жылдың алғашқы төрт айында жалпы құны 143 миллиард теңгені құрайтын төрт инвестициялық жоба іске қосылып, 920 жаңа жұмыс орны ашылған. Ал жыл соңына дейін құны 458,8 миллиард теңгені құрайтын 47 инвестициялық жобаны жүзеге асыру және 2700-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.