Арсенал–Қайрат матчының билеттері сатылымға шықты

0 15

28 қаңтарда Лондондағы «Emirates Stadium» стадионында өтетін Арсенал-Қайрат матчына билеттер сатылым шықты, деп хабарлайды Freedom Ticketon.

Билет бағасы 36 мың теңгеден басталады.

Ақпаратқа сүйенсек, УЕФА Чемпиондар лигасы аясындағы екі клубтың ойыны 28 қаңтар күні жергілікті уақытпен 20:00-де (Астана уақытымен 01:00) Лондондағы «Emirates Stadium» стадионында өтеді. Қонақтарға арналған сектор билеттері Freedom SuperApp және Qairat SuperApp мобильді қосымшаларында сатып алуға болады.

Айта кетейік, ертең, 20 қаңтар күні сағат 20:30-да Астана аренада алматылық «Қайрат»  Белгиялық «Брюге» командасымен Чемпиондар лигасы аясында кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.