Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
2026 жылдың мамыры Қазақстандықтар үшін мерекеге толы ай болғалы тұр. Осы ретте биыл ел азаматтары мамыр айында 14 күн демалады.
Қанша күн демалыс бар?
Жұмыс кестесіне байланысты демалыс күндерінің саны әртүрлі болады:
- бес күн жұмыс істейтіндер үшін – 14 күн демалыс, 17 жұмыс күні;
- алты күн жұмыс істейтіндер үшін – 9 күн демалыс, 22 жұмыс күні.
Ал мамырдағы негізгі мерекелер тізбегі төмендегідей:
- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні;
- 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;
- 9 мамыр – Жеңіс күні;
- 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні (нақты күні өзгеруі мүмкін).
1 мамырдағы демалыс қалай болады?
Бес күндік жұмыс аптасында істейтіндер үшін 1-3 мамыр аралығы қатарынан үш күн демалыс болады. Ал алты күндік режимде 2 мамыр – жұмыс күні. 7 және 9 мамырдағы демалыс:
- 2026 жылы 9 мамыр сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 11 мамырға (дүйсенбіге) ауыстырылады.
Бес күн жұмыс істейтіндер үшін:
- 7 мамыр – демалыс;
- 8 мамыр – жұмыс күні;
- 9, 10, 11 мамыр – қатарынан демалыс. Ал алты күн жұмыс істейтіндерге 11 мамыр жұмыс күні болып қалады.
Құрбан айттағы демалыс
27 мамыр, сәрсенбі – Құрбан айттың бірінші күніне байланысты қосымша демалыс беріледі. Алайда бұл күн ай күнтізбесіне байланысты нақтылануы мүмкін. Мамыр айында кәсіби және әлеуметтік маңызы бар даталар да бар:
- 10 мамыр – Аналар күні;
- 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні;
- 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні;
- 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.