Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетілуде. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.
– Біз ми ісіктері мен тамырлы патологияларды бір сатылы емдеу үшін гибридті операциялық бөлмелерді енгізіп жатырмыз. Қызметті жаңғырту аясында 36 балаға «гамма-пышақ» аппаратында радиохирургиялық операциялар жүргізілді. Жыл сайын 400 балаға есту импланттары орнату бойынша операциялар жасалады, орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. Жоспарланған іс-шаралардың барлық кешені азаматтардың шетелге емделуге жіберілуін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті министр.
