Президент қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды», – деп жазды А.Смадияров.
Айта кетейік, аталған жұмысты үйлестіру тікелей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелген.