Таразда жазасын өтеушілер «Чемпион» кинофильмін тамашалады

0 9

Пенитенциарлық мекемелердегі жазасын өтеушілердің қоғамға қайта бейімделуінде идеологиялық жұмыстар өз әсерін тигізетіні анық. Мәселен, түзеу мекемелерінде тұрақты түрде мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастыру, психологиялық көмек пен жеке қабылдау жүргізу – арнайы контингент өкілдерінің еркін өмірге ертерек қадам басуына ықпал етеді.

Қазіргі таңда өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде дәл осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, бірер күн қоныс колониясындағы сотталған азаматтарға ресейлік режиссер Артем Аксененконың «Чемпион» кинофильмі көрсетілді. 2016 жылы жарық көрген туындының жанры – драма.

Жалпы, бұл фильм жазасын өтеуші азаматтарды өмірде қандай қиындық кездессе де, оны еңсеруге үндейді. Спорттағы жеңіліс пен жеңістің арасындағы соңғы сәтте берілмеуге шақырып, өмірде де өз орнын табуға болатынына шақырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.