ҚАЖ мекемесінде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті
4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні. Айшықты мереке күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды, деп хабарлайды Alakoz.kz
Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, жол саласы қызметкерлерінің патриоттық сезімдерін нығайту және жолшылар арасында бірлік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Бұл күні мекеменің басшы және жеке құрам қызметкерлері сап түзеп, мемлекеттік туға құрмет көрсетті. Сондай-ақ олар бір мезгілде мемлекеттік Әнұранды орындады.

Мемлекеттік рәміздер – елдің ұлттық болмысын, дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытатын белгі. Осы себепті, мемлекеттік рәміздерсіз тәуелсіз ел болмайды. Қазақстанның тұңғыш рәміздері – Ту мен Елтаңба 1992 жылдың 4 маусымында қабылданды. Ал Әнұран мәтіні осы жылдың 11 желтоқсанында бекітілді.