Ұлттық құрылтай 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өтеді

0 2
Биыл, 20 қаңтарда Ұлттық құрылтайдың кезекті бесінші отырысы Қызылорда қаласында өтеді деп жоспарланды. Саяси маңызды шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады, деп хабарлайды alakoz.kz

«Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20 қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді», – делінген Ақорда таратқан ресми хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылдың 14-наурызында Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысы Бурабайда өткен болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.