2026 жыл: Утильалымның жаңа мөлшері бекітілді

0 2

2026 жылы автокөлікті бастапқы тіркеуге дейін төленуі тиіс утилизациялық алым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өсуіне байланысты көбейді. Яғни, утилизациялық алымның базалық мөлшерлемесі (50 АЕК) көтеріліп, 196 600 теңгеден 216 250 теңгеге дейін өсті. 

Бұл туралы kolesa.kz— жазды.

Төленетін сома көлік категориясына байланысты болады:

Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен Recycle.kz сайтында төлеуге болады. Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерден келетін автомобиль үшін өтініммен бірге мыналарды беру қажет:

  • ішкі тұтыну үшін кеденде рәсімделетін автомобильдің кедендік декларациясының көшірмесі;
  • Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен күнін растау үшін мемлекеттік бақылаудан өту талонының көшірмесі;
  • көлік қауіпсіздігін растайтын куәлік немесе көлік құралы типін мақұлдау құжатының көшірмесі.

Утилизациялық алымды есептеу үшін қажет деректі анықтау мүмкін болмаса, операторлар мыналарды сұрайды:

  • жүкқұжат (келетін автомобильдің VIN нөмірін көрсете отырып) немесе халықаралық тасымалдауды растайтын халықаралық CMR жүкқұжатының (келетін автомобильдің VIN нөмірін көрсете отырып) көшірмесі;
  • шот-фактура немесе инвойстың көшірмесі.

Қазақстанға ЕАЭО елдерінен (Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан) келетін автомобильдер үшін:

  • көлік құралының сканерленген құжаты немесе көлік құралын тіркеу куәлігі;
  • сканерленген көлік қауіпсіздігін растайтын куәлік немесе көлік құралының типін мақұлдау құжаты;
  • көлік құралының сканерленген сәйкестендіру нөмірін (болса) көрсете отырып, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің экспорттаушысынан Қазақстан Республикасындағы импорттаушыға берілетінін растайтын қабылдау-тапсыру актісі;
  • сканерленген жүкқұжат (келетін автомобильдің VIN нөмірін көрсете отырып) немесе халықаралық тасымалдауды растайтын халықаралық CMR жүкқұжаты (келетін автомобильдің VIN нөмірін көрсете отырып).

Автомобильдің Қазақстанға келген күнін растау үшін шекарада мемлекеттік бақылаудан өткен талонды немесе оның көшірмесін сұрауы мүмкін. Талон болмаса импорттау күні өтініш берген күн болып есептеледі.

Редакция ескертпесі: өтінім ресімдегенде барынша мұқият болу қажет, әрбір үтір, нүкте дұрыс жазылғанына көз жеткізу керек. Құжаттардың сканерленген нұсқасы анық, ақпарат айқын көрінуге тиіс. «Жасыл даму» өтінімді бір жұмыс күні ішінде қарайды, демалыс күндері құжат қабылдайды, бірақ өңдемейді. Қате табылған жағдайда қайта өтінім тапсырып, күтуге тура келеді. Шот алған соң утиль алымды екінші деңгейлі банкте төлеуге болады. Импорттаушылардың тәжірибесіне сүйенсек, бұл тәсіл сенімді әрі жылдам.

Leave A Reply

Your email address will not be published.