Таразда қалалық Серік Томанов оқулары өтті

0 16

Таразда қалалық Серік Томанов оқулары өтті. Ақжал ақынның 70 жылдық мерейтойына арналған шара №62 орта мектепте ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alakoz.kz 

Байқауға 8–10 сынып оқушыларынан 25 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады.

Байқаудың ережесі бойынша оқушылар әуелі ақының шығармашылық мұрасынан көңілге жаққан бір туындысын жатқа соқса, екінші кезеңде ақынға арнау жыр жолдарын оқыды.

Қазылар алқасының ортақ шешімімен “Көркемсөз шебері” номинациясы бойынша бас жүлдені №49 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Әнел Ордабай иеленсе, “Жас ақын” номинациясы бойынша І орынды №33 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Ерсұлтан Әзімхан жеңіп алды.

Байқау жас ұрпаққа Серік Томанов шығармаларын насихаттауға, рухани дүниетанымын байытуға, поэзияға қызығушылығын арттырып, талантты жастарды қолдауға және көркемсөз өнеріне баулуға бағытталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.