Тараздың Орталық алаңында веложолақ пайда болады

0 23

Облыс орталығының қақ жүрегінде жаңа веложолақтың құрылысы басталды, деп хабарлайды Alakoz.kz

Жолақтың ені 2 метрді құрайды. Ал, ұзындығы Жамбыл облыстық Кірістер департаменті ғимаратының іргесінен бастап Жамбыл қонақ үйіне дейін жалғасады.

Қазіргі таңда тротуарға арнайы тас төсеніші (брусчатка)төселуде, сондай-ақ монтаж және демонтаж кезеңдері қатар жүргізілуде. Мердігер Бақберген Рымбаевтың айтуынша, жоба 4 ай ішінде, яғни жазға дейін толық аяқталады.

Айта кетейік, бұл бастама қала тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.