Жамбыл облысында Бірлік күні кең көлемде аталып өтті

0 25

Бүгін, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Осыған орай «Көне-Тараз» этномәдени кешеніндегі Достық үйінің алаңында мерекелік шара өтті, деп хабарлайды alakoz.kz 

Түрлі этнос өкілдері бас қосқан жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, Тараз қаласы әкімі Бақытжан Орынбеков және үкіметтік емес ұйым төрағалары мен шаhар тұрғындары қатысты.

Салтанатты шарада Серік Жақсылықұлы құттықтау сөз сөйлеп, ел бірлігі жолында еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады.

«Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, бірлік пен сыйластықтың көрінісі. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді. Татулық пен ынтымақ – біздің басты байлығымыз, ел болашағының берік негізі. Мереке қарсаңында әрбір шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен табыс тілеймін! Еліміз тыныш, бірілігіміз бекем болсын!», – деді аймақ басшысының орынбасары ізгі лебізінде.


Жалпы алаңда әр ұлттың салт-дәстүрі мен мәдени құндылықтары жинақталған көрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар тараздықтар бірнеше ұлттық спорт түрлерінен бақ сынады.

Бұдан бөлек, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, мерекенің атмосфера ауаны арта түсті. Айта кетейік, Жамбыл облысында 78 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.