Жеңіс күні: Таразда бабалар рухына тағзым етілді
Еске алу шарасына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары, тұрғындар жиналды.
Сондай-ақ облыстық, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің, партиялардың төрағалары, құзырлы орган, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері, ЖОО ректорлары да тағылымды шараның ортасынан табылды.
Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.
Айта кетейік, еліміз бойынша небәрі 57 ҰОС ардагері қалса, оның үшеуі – жамбылдық.