«Тәулігіне 35 мың»: Kaspi.kz Таяу Шығыстан шыға алмай қалған клиенттеріне көмек көрсетеді

0 8

Kaspi.kz Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты қиындыққа тап болған қазақстандықтарға арналған арнайы материалдық қолдау бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы алғаш Kursiv Media. хабарлады.

Бұл көмек Kaspi Travel сервисі арқылы тур немесе «бару-қайту» әуе билеттерін сатып алып, қазір Таяу Шығыс елдерінде жүрген немесе сол жерде транзиттік жолаушы ретінде қалып қойған азаматтарға арналған.

Қаржылай көмек күнделікті шығындарды жабу үшін тікелей Kaspi Gold картасына аударылады:

  • Ересектерге: тәулігіне 35 000 теңге (әр адамға);
  • Балаларға: тәулігіне 15 000 теңге (әр балаға).

Қаржы азаматтар аймақтан шыға алмай, мәжбүрлі түрде сол жерде болған барлық уақыт аралығында күн сайын түсіп тұрады.

Компания өз клиенттерімен тұрақты байланыста екенін және оларды сүйемелдеу үшін қажетті шараларды қабылдап жатқанын атап өтті. Сол аймақта жүрген қазақстандықтарға ҚР елшіліктерімен және консулдықтарымен тұрақты байланыста болуды, үнемі қауіпсіз жерде қалуға кеңес береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.