Жапон ағашы енді Жамбылда гүлдейді

0 15

Тараз қаласында көгалдандыру жұмыстары аясында маңызды экологиялық бастама жүзеге асуда. «BI Group» құрылыс компаниясының қолдауымен шаһарға 100 түп сакура ағашы сыйға тартылды, деп хабарлайды Alakoz.kz

Сакура көшеттерінің тұқымы Бельгиядан жеткізілген. Ал олар Қазақстанның климаттық жағдайына бейімделуі үшін Шымкент қаласындағы «Ақ қайың» жылыжайында арнайы өсірілген. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл ағаштардың жергілікті ауа райына төзімділігін арттырады.

Жоспарға сәйкес, сакура көшеттері Жамбыл Жабаев ескерткіші маңына отырғызылды. Бұл аумақ алдағы уақытта ерекше эстетикалық келбетке ие болып, тұрғындар мен қала қонақтары үшін тартымды демалыс орнына айналмақ.

Сакура ағаштары көктем мезгілінде әсем гүлдеп, қала көркін айшықтай түседі. Сонымен қатар, бұл бастама Тараздың экологиялық ахуалын жақсартып, жасыл желекті аймақтардың қатарын арттыруға өз үлесін қосады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.